(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.23.10 № 1654 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 1654 Қаулысы
(2011.02.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 25 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 31-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымы бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
1) әкімшілік-аумақтық бірліктің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін ескере отырып, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасын қоспағанда, осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымында көзделген құрылымдық бөлімшелерді қосу, біріктіру құқығын берсін;
2) осы қаулының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес қайта ұйымдастыруды жүргізген сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен өзге де мүдделі орталық мемлекеттік органдарды хабардар етсін.
ҚР Үкіметінің 2011.02.09. № 1006 Қаулысымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте кондоминиум объектілері болған кезде аудан мен облыстық маңызы бар қаланың тұрғын үй инспекциясы бөлімдерін құрсын.
3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2009 жылғы 23 қазандағы
№ 1654 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару
үлгі құрылымы
Редакция документа
Демо – версия документа