Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысымен бекітілген) (2013.20.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2014.12.03. № 229 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 5 қыркүйектегі

№ 1153 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу»

мемлекеттік қызмет стандарты

(2013.20.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық Мемлекеттік кәсіпорынның (бұдан әрі - ХҚО) арқылы осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 32-1-бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 1058 қаулысымен бекітілген Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасының (бұдан әрі - Қағидалар) 28-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:

1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында: www.mtс.gov.kz  («Көліктік бақылау комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» бөлімшесінде);

2) ХҚО интернет-ресурсында: www.con.gov.kz;

3) ХҚО ғимараттарында орнатылған стенділерде;

4) «электрондық үкімет» 1414 call-орталығында орналастырылған.

ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1380 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:

1) кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік);

2) куәлікке қосымша парақ;

2-1) куәліктің телнұсқасы;

3) мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты беру болып табылады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции