(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.05.09 № 1153 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН
Осы редакция 2013 жылғы 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 1153 қаулысымен
бекітілген
«Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2013.26.08. берілген өзгерістермен)
1. «Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық Мемлекеттік кәсіпорынның (бұдан әрі - ХҚО) арқылы осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 32-1-бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 1058 қаулысымен бекітілген Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасының (бұдан әрі - Қағидалар) 28-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында: www.mtс.gov.kz («Көліктік бақылау комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» бөлімшесінде);
2) ХҚО интернет-ресурсында: www.con.gov.kz;
3) ХҚО ғимараттарында орнатылған стенділерде;
4) «электрондық үкімет» 1414 call-орталығында орналастырылған.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:
1) кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік);
2) куәлікке қосымша парақ;
3) мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
Редакция документа
Демо – версия документа