Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2001 ЖЫЛҒЫ 15 ҚАЗАНДАҒЫ № 1328 ҚАУЛЫСЫ

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 қазандағы № 1328 Қаулысы

(2011.02.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2012 жылғы 29 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

ҚР Үкіметінің 2011.02.11. № 1277 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған:

1) қабылдау және жұмыс комиссияларының өкілеттіктері, міндеттері, міндетті құрамы;

2) Қабылдау және жұмыс комиссияларының объектілерді қабылдау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар);

3) жұмыс комиссиясы қорытындысының және қабылдау комиссиясы актісінің нысандары;

4) мемлекеттік қабылдау комиссиясының салынған объектіні пайдалануға қабылдау туралы актісінің бірыңғай нысаны бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

ҚР Үкіметінің 2011.02.11. № 1277 Қаулысымен міндетті құрамымен толықтырылды

Қазақстан Республикасы

Үкіметiнiң

2001 жылғы 15 қазандағы

№ 1328 қаулысымен

бекiтiлген

 

Қабылдау комиссиясының өкілеттіктері, міндеттері,

міндетті құрамы

 

1. Қабылдау комиссиясының өкілеттіктері, міндеттері, міндетті құрамы

 

1. Қабылдау комиссиясының өкілеттігіне мыналар кіреді:

1) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 76-бабында көзделген объектілерді олар бекітілген жобаға сәйкес пайдалануға толық дайын болған кезде пайдалануға қабылдау туралы актіні ресімдей отырып, қабылдау;

2) технологиялық жабдықтар мен инженерлік жүйелерге бақылау байқауын және сынағын жүргізу;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку