«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 қазандағы № 1328 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 қарашадағы № 1277 Қаулысы (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 қазандағы № 1328 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 қарашадағы № 1277 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 20 қарашадағы № 759 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 77-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 қазандағы № 1328 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 35, 462-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған:
1) қабылдау және жұмыс комиссияларының өкілеттіктері, міндеттері, міндетті құрамы;
2) Қабылдау және жұмыс комиссияларының объектілерді қабылдау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар);
3) жұмыс комиссиясы қорытындысының және қабылдау комиссиясы актісінің нысандары;
4) мемлекеттік қабылдау комиссиясының салынған объектіні пайдалануға қабылдау туралы актісінің бірыңғай нысаны бекітілсін.»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында салынған объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау және жұмыс комиссияларының өкілеттіктерін, міндеттерін, сондай-ақ міндетті құрамын белгілеу ережесі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік қабылдау комиссиясының салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісінің бірыңғай нысаны осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Документ утратил силу
Демо – версия документа