(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 11 МАУСЫМДАҒЫ № 554 ҚАУЛЫСЫ
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 11 маусымдағы № 554 қаулысы
(2011.02.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 19 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiліп отырған Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның құрамы бекiтілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнің күшi жойылды деп танылсын.
3. Таратылатын Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссияның функциялары Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегi ведомствоаралық мемлекеттік комиссияға берілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | И. Тасмағамбетов |
ҚР Үкіметінiң 07.11.03 ж. № 1112; 02.02.04 ж. № 123; 14.05.04 ж. № 539 (бұр.ред. қара); 2005.09.02. № 122 (бұр. ред. қара); 2005.31.10. № 1089 (бұр.ред.қара); 2006.04.12. № 1164 (бұр. ред. қара); 2007.28.12. № 1326 (бұр.ред.қара) қаулыларымен құрам өзгерді; ҚР Үкіметінің 2009.03.12 № 1997 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.28.11. № 1258 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.02.07. № 764 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2003 жылғы 11 маусымдағы
№ 554 қаулысымен
бекітілген
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның
құрамы
Божко Владимир Карпович
| - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, төраға |
Петров Валерий Викторович | - Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар вице-министрі, төрағаның орынбасары |
комиссия мүшелері:
Бектұров Азат Ғаббасұлы
| - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі |
Ескендіров Абай Мұқашұлы | - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі, |
Редакция документа
Демо – версия документа