(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 11 МАУСЫМДАҒЫ № 554 ҚАУЛЫСЫ
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегі ведомствоаралық
мемлекеттік комиссия туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 11 маусымдағы № 554 қаулысы
(2007.28.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 3 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiліп отырған Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның құрамы бекiтілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнің күшi жойылды деп танылсын.
3. Таратылатын Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссияның функциялары Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегi ведомствоаралық мемлекеттік комиссияға берілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2003 жылғы 11 маусымдағы
№ 554 қаулысымен
Бекiтiлген
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық
мемлекеттік комиссияның құрамы
ҚР Үкіметінiң 07.11.03 ж. № 1112; 02.02.04 ж. № 123; 14.05.04 ж. № 539 (бұр.ред. қара); 2005.09.02. № 122 (бұр. ред. қара); 2005.31.10. № 1089 (бұр.ред.қара); 2006.04.12. № 1164 (бұр. ред. қара); 2007.28.12. № 1326 (бұр.ред.қара) қаулыларымен құрам өзгерді
Божко Владимир Карпович | - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, төраға |
Петров Валерий Викторович | - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі, төрағаның орынбасары |
Ғаббасов Сырым Ғаббасұлы | - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлардың алдын алу және перспективалық даму департаментінің директоры, хатшы |
комиссия мүшелері
Бектұров Азат Ғаббасұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі |
Уәйісов Мерей Құрманұлы | - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келісім бойынша) |
Қазыханов Ержан Хозеұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары |
Редакция документа
Демо – версия документа