(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.15.12 № 2121 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН
Осы редакция 2012 жылғы 28 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2011.28.05. № 596 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2011.28.05. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган), сондай-ақ осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында мекенжайлары көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысының 27-тармағының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (электронды мекенжай: www.minjust.kz., «Сіз білесіз бе:» бөлімі) интернет-ресурстарында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде, тізбесі осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген орталықтар мен уәкілетті органдардың үй-жайларындағы стенділерде орналастырылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару туралы белгі қойылған азаматтарды тіркеу кітабын немесе бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет басқа тұрғылықты жерге кеткендерге, сот үкімінің негізінде бас бостандығынан айырылған сотталушыларға, тұрғын үйді пайдалану құқығынан сот шешімімен айырылғандар, қайтыс болғандарға (тұтынушыларға) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды.
мемлекеттік қызмет алу үшін электронды сұрау салулар көзделмеген;
Редакция документа
Демо – версия документа