Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.15.12 № 2121 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 2121 қаулысымен

бекітілген

Осы редакция 2011 жылғы 28 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару»
мемлекеттік қызмет стандарты
 
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) - Қазақстан Республикасында халықтың ішкі көші-қонын есепке алу және Қазақстан Республикасының азаматтары өздерінің конституциялық және азаматтық құқықтарын жүзеге асыру мақсатында азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару рәсімі.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.

Қызметті Халыққа қызмет көрсету орталығындағы «Халықты құжаттандыру және тіркеу» Тіркеу пункті» ақпараттық жүйесін пайдаланып аумақтық (қалалық, аудандық) әділет органының қызметкері көрсетеді.

3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысының 27-тармағының негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызметті аумақтық (қалалық, аудандық) әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) осы стандарттың 1-қосымшасында мекенжайлары мен телефондары көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетеді.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нысаны азаматтарды тіркеу кітабында азаматты тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығарылғаны туралы белгі қою болып табылады.

6. Тіркеуден шығаруға басқа тұрғылықты жерге кеткен, сот үкімі негізінде бас бостандығынан айыруға сотталған, сотпен тұрғын үйді пайдалану құқығы жойылды деп танылған адамдар, қайтыс болғандар жатады.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:

1) азаматтарды тіркеуден шығару екі жұмыс күніне дейінгі мерзімде жасалады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку