(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.15.12 № 2121 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН
Осы редакция 2012 жылғы 28 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2011.28.05. № 596 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2011.28.05. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) «Халықты құжаттандыру және тіркеу» тіркеу пункті ақпараттық жүйесін (бұдан әрі - ХҚТ ТП) қолдана отырып, аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган), сондай-ақ мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысының 10-тармағының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (электронды мекенжайы: www.minjust.kz., «Сіз білесіз бе: бөлімі») интернет-ресурсында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және тізбесі осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген орталықтардың үй-жайлары мен уәкілетті органдардағы стенділерде орналастырылады.
5. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесі Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе жеке куәлігін) немесе бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.
Редакция документа
Демо – версия документа