Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.15.12 № 2121 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 2121 қаулысымен

бекітілген

 

Осы редакция 2011 жылғы 28 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
 
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) - Қазақстан Республикасының азаматтары өздерінің конституциялық және азаматтық құқықтарын жүзеге асыру үшін паспорттар, жеке куәліктер беру рәсімі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны ішінара автоматтандырылған. Қызметті Халыққа қызмет көрсету орталығындағы «Халықты құжаттандыру және тіркеу» Тіркеу пункті» ақпараттық жүйесін пайдаланып та аумақтық (қалалық, аудандық) әділет органының қызметкері де, Халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы қағаз тасымалдағыштар арқылы көрсетеді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысы 10-тармағының негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету аумақтық (қалалық, аудандық) әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) және осы стандарттың 1-қосымшасында мекенжайлары мен телефондары көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы жүзеге асырылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нысаны Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар және (немесе) жеке куәліктер беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектелу мерзімдері:

1) жеке басын куәландыратын құжаттар (паспорт және жеке куәліктер) құжат алуға өтініш ресімделген күннен бастап екі ай мерзімнен кешіктірілмей беріледі.

Мемлекеттік қызмет 7, 10 және 15 жұмыс күні мерзімдеріне дейін жедел түрде көрсетіле алады.

2) құжаттарды тапсырған кезде ең ұзақ кезек күту уақыты 30 минуттан аспайды;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку