Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2001.03.03. № 57 ҚАУЛЫСЫ

Қолма-қол ақша белгілерін - тиындарды ақша айналымынан алу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 3 нарузыдағы № 57 Қаулысы

(2011.29.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2012 жылғы 24 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.29.04. № 38 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 549 Жарлығын орындау үшін және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Қолма-қол ақша белгілерін - тиындарды ақша айналымынан алу ережесі бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енгізілсін.

2. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасы (Мәжитов Д.М.):

1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Қолма-қол ақша белгілерін - тиындарды ақша айналымынан алу ережесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны және Қолма-қол ақша белгілерін - тиындарды ақша айналымынан алу ережесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге жіберсін;

3) Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс басқармасымен (Мартюшев Ю.А.) бірлесіп осы қаулыны және Қолма-қол ақша белгілерін - тиындарды ақша айналымынан алу ережесінің жеке және заңды тұлғалардың мүддесіне қатысты тармақтарын республикалық газеттерде (мемлекеттік тілде және орыс тілінде) жариялайтын болсын.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку