Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2001.03.03. № 57 ҚАУЛЫСЫ

Қолма-қол ақша белгілерін - тиындарды ақша айналымынан алу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 3 нарузыдағы № 57 Қаулысы

 

Осы редакция 2011 жылғы 29 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Жарлығын орындау үшін және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заң күші бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қолма-қол ақша белгілерін - тиындарды ақша айналымынан алу ережесі бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енгізілсін.

2. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасы (Мәжитов Д.М.):

1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Қолма-қол ақша белгілерін - тиындарды ақша айналымынан алу ережесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны және Қолма-қол ақша белгілерін - тиындарды ақша айналымынан алу ережесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге жіберсін;

3) Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс басқармасымен (Мартюшев Ю.А.) бірлесіп осы қаулыны және Қолма-қол ақша белгілерін - тиындарды ақша айналымынан алу ережесінің жеке және заңды тұлғалардың мүддесіне қатысты тармақтарын республикалық газеттерде (мемлекеттік тілде және орыс тілінде) жариялайтын болсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсін.

 

 

Ұлттық Банк

Төрағасы

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку