-
Қазақстан Республикасы
Үкіметiнiң
2003 жылғы 28 cәуipдегі
№ 407 қаулысымен
бекітілген
Осы редакция 2012 жылғы 7 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды алып қою және жою нәтижесiнде жеке және заңды тұлғаларға келтiрiлген залалдарды өтеу
ережесi мән шарттары
(2011.31.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды алып қою және жою кезiнде жеке және заңды тұлғаларға келтiрiлген залалдарды өтеудiң осы Ережесi мен шарттары (бұдан әрi - Ереже) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңы 30-бабының 4-тармағына сәйкес әзiрлендi және жануарлар мен адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикізаттарды алып қою және жою кезіндегі залалдарды өтеудiң бiрыңғай тәртібі мен шарттарын белгілейді.
2. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикізаттарды алып қою және жою кезiнде жеке және заңды тұлғаларға келтiрiлген залал осы Ереженiң 2 тарауының 4-тармағында белгiленген мөлшерде мiндеттi өтеуге жатады.
3. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды алып қоюға және жоюға байланысты шығыстарды жабу жануарлардың ерекше қауiптi жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі функцияларды орындайтын мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар (бұдан әрi - мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар) арқылы республикалық бюджеттiң есебiнен жүргiзiледi.
2. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн
жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды алып қою және
жою кезiнде өтеуге жататын залалдарды анықтау
ҚР Үкіметінің 2005.31.10. № 1088 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.31.05. № 611 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа