Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 31 қазандағы № 1088 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгізу туралы
 Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2005 жылғы 31 қазандағы № 1088 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 21 ақпандағы № 85 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 18, 185-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды алып қою және жою нәтижесiнде жеке және заңды тұлғаларға келтiрiлген залалдарды өтеу ережесi мен шарттарында:

4-тармақтың 6) тармақшасында:

төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«тауықтар, үйректер - 0,50 АЕК-ке дейiн;";

мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«қаздар, түйетауықтар - 1,0 АЕК-ке дейiн.».

2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку