Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 28 МАУСЫМДАҒЫ № 545 ҚАУЛЫСЫ

Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы №545 Қаулысы

 

Осы редакция 2011 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау ережесі;

2) ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Қазақстан Республикасындағы мал дәрігерлік қызметті лицензиялау туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 20 тамыздағы № 1272 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 38, 365-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 20 тамыздағы № 1272 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 11 сәуірдегі № 556 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 19, 206-құжат);

3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 20 тамыздағы № 1272 және 1999 жылғы 31 наурыздағы № 343 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 желтоқсандағы № 1347 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 46, 463-құжат).

3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

 2007 жылғы 28 маусымдағы № 545

 қаулысымен бекітілген

 

 

Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау

ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының “Лицензиялау туралы” 2007 жылғы 11 қаңтардағы және “Ветеринария туралы” 2002 жылғы 10 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді және ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау тәртібін реттейді.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку