Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 20 тамыздағы № 1272 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 11 сәуір № 556 (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 20 тамыздағы № 1272
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 11 сәуірдегі № 556 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің   2007 жылғы 28 маусымдағы  №545  қаулысымен күші  жойылды

 

Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасындағы Мал дәрiгерлiк қызметтi лицензиялау туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 20 тамыздағы № 1272 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1997 ж., № 38, 365-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы Мал дәрiгерлiк қызметтi лицензиялау туралы ережеге:

3-тармақтағы "немесе патентiнiң" деген сөздер алынып тасталсын;

7-тармақтағы "Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Мал дәрiгерлiгi комитетi" деген сөздер "уәкiлеттi мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

8-тармақтың төртiншi, бесiншi және алтыншы абзацтары алынып тасталсын;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"13. Кәсiпкерлiктің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн алымның мөлшерi, оны төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңдарымен белгiленедi.".

18-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын;

20-тармақта "лицензиар" деген сөз алынып тасталсын;

23-тармақта:

екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"Лицензия жоғалған жағдайда лицензиаттың төлнұсқа алуға құқығы бар. Лицензиар лицензиаттың жазбаша өтiнiшi бойынша 10 күн iшiнде лицензияның төлнұсқасын бередi";

үшiншi абзац алынып тасталсын;

"III бөлiм. Мал дәрiгерлiк қызметке лицензия алу үшiн тұлғаларға қойылатын талаптар" атауындағы "талаптар" деген сөз "біліктiлiк талаптары" деген сөздермен ауыстырылсын;

24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"24. Мал дәрiгерлiгi жөніндегі жұмыстарды орындауға және қызметтердi жүзеге асыруға мынадай заңды және жеке тұлғалардың құқығы бар:

Заңды тұлғаларға арналған біліктiлiк талаптарына мыналар енедi:

мал дәрiгерлiк қызметке лицензия алуға үмiткер заңды тұлға басшысының арнаулы мал дәрiгерлiк білімi және мамандығы бойынша кемiнде 3 жыл еңбек стажы болуы;

мал дәрiгерлiк қызметті жүзеге асыратын қызметкерлерде арнаулы мал дәрiгерлiк білімi болуы;

қызметкерлердiң денсаулығының жай-күйi туралы анықтама (құжаты) болуы;

санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және өртке қарсы күрес органдарының қорытындысы болуы;

СНТЖ 8-81 талаптарына және СН-245-71 санитарлық нормаларына сай өндiрiстiк үй-жайы және тиiстi бейіндегі технологиялық жабдықтың толық жиынтығы болуы тиiс.

Жеке тұлғаларға арналған біліктiлiк талаптарына мыналар енедi:

арнаулы мал дәрiгерлiк білімi және мамандығы бойынша:

жоғары білімi бар адамдарда - кемiнде бiр жыл еңбек стажы, арнаулы орта мал дәрiгерлiк білімi бар адамдарда - кемiнде екi жыл еңбек стажы болуы;

қатты әсер ететiн препараттарды сақтауға арналған күзетiлетiн үй-жайы (сейфi), сондай-ақ лабораториялық жабдығы мен құралдары (лицензияланатын мал дәрiгерлiк қызметтiң тиiстi түрi жүзеге асырылатын жағдайда) болуы;

денсаулығының жай-күйi туралы анықтама (құжат) болуы;

санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және өртке қарсы күрес органдарының қорытындысы болуы тиiс.

25-тармақ алынып тасталсын.

26-тармақтағы "Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Мал дәрiгерлiк комитетi" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға жатады.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку