Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.23.08 № 733 ҚАУЛЫСЫ

Этил спиртін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы № 733 Қаулысы

(2011.18.07. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2011 жылғы 27 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі және «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Этил спиртін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі;

2) этил спиртін ендіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 23 тамыздағы

№ 733 қаулысымен

бекітілген

 

 

Этил спиртін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау

ережесі

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Этил спиртін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі және «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді және этил спиртін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін айқындайды.

2. Этил спиртін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін лицензияны Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін уәкілетті мемлекеттік орган береді.

3. Этил спиртін өндіру жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия басты лицензия болып табылады.

 

 

2. Лицензиялау тәртібі

 

ҚР Үкіметінің 2011.18.07. № 820 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша өтініш;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку