(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.23.08 № 733 ҚАУЛЫСЫ
Этил спиртін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы № 733 Қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 18 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі және «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Этил спиртін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі;
2) этил спиртін ендіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2007 жылғы 23 тамыздағы
№ 733 қаулысымен
бекітілген
\
Этил спиртін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Этил спиртін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі және «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді және этил спиртін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін айқындайды.
2. Этил спиртін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін лицензияны Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін уәкілетті мемлекеттік орган береді.
3. Этил спиртін өндіру жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия басты лицензия болып табылады.
4. Лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша өтініш;
2) заңды тұлға үшін - жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
Редакция документа
Демо – версия документа