«Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 1520 Қаулысы (2013.08.02. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 1520 Қаулысы
(2013.08.02. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Агрохимия қызметі республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Агрохимия қызметі республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2013.08.02. № 109 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Мемлекеттік мекемелер» деген 3-бөлімде мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«88-1. Агрохимия қызметі республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы»;
Демо – версия документа