(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.13.12 № 1520 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 1520 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 8 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Агрохимия қызметі республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Агрохимия қызметі республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы № 14 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 1, 7-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
реттік нөмірі 1-жол алынып тасталсын;
2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Мемлекеттік мекемелер» деген 3-бөлімде мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа