(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.26.02 № 140 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН
ҚР Үкіметінің 2011.31.03. № 336 Қаулысымен стандарт жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 26 ақпандағы
№ 140 қаулысымен
бекітілген
Осы редакция 2011 жылғы 1 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2011.31.03. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызмет осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес Астана қаласының білім басқармасы, қаланың және аудандық білім бөлімдері (бұдан әрі - білім бөлімдері) арқылы көрсетіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 100 - 111-баптары, «Адамдардың бала асырап алуына, оны қамқоршылыққа (қорғаншылыққа), патронатқа алуына болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 маусымдағы № 842 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет тәртібі туралы толық ақпарат тізбесі осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген білім бөлімдері фойесінде, сондай-ақ көрсетілген ұйымдардың интернет-ресурстарында орналасады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны 3-қосымшаға сәйкес жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу (бұдан әрі - үзінді көшірме) не қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабын ұсыну болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап отыз жұмыс күнін (құжаттарды қабылдаған күн және берген күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) құрайды;
2) өтініш беруші өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты 30 минуттан аспайды;
Редакция документа
Демо – версия документа