(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.26.02 № 140 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН
Осы редакция 2011 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 26 ақпандағы
№ 140 қаулысымен
бекітілген
«Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды
әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу»
мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі - Стандарт) қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру тәртібін айқындайды.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 100 - 111-баптары, «Адамдардың бала асырап алуына, оны қамқоршылыққа (қорғаншылыққа), патронатқа алуына болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 маусымдағы № 842 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет 1-қосымшаға сәйкес Астана қаласының білім басқармасы, қалалық және аудандық білім бөлімдері (бұдан әрі - білім бөлімдері) арқылы көрсетіледі.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны 3-қосымшаға сәйкес жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақыт бойынша шектеу мерзімі: білім бөліміне өтініш білдірген кезде:
1) құжаттарды қарау мерзімі бес жұмыс күнін құрайды;
2) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 40 минуттан аспайды;
3) құжаттарды алған кезде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды.
Редакция документа
Демо – версия документа