Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.26.02 № 140 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН

ҚР Үкіметінің 2011.31.03. № 336 Қаулысымен стандарт жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы 26 ақпандағы

№ 140 қаулысымен

бекітілген

 

Осы редакция 2011 жылғы 1 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Кәмелетке толмаған балаларға тиесілі тұрғын үй алаңын айырбастауға немесе сатуға
рұқсат беру үшін нотариалды кеңсеге анықтамалар беру»
мемлекеттік қызмет стандарты

(2011.31.03. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызмет осы стандарттың 1, 2-қосымшаларына сәйкес Астана қаласының білім басқармасы, қалалық және аудандық білім бөлімдері (бұдан әрі - білім бөлімдері), сондай-ақ баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталықтар) арқылы көрсетіледі.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 22 - 24-баптары, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағы, «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 58, 114-баптары және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет тәртібі туралы толық ақпарат тізбесі осы стандарттың 1, 2-қосымшаларында көрсетілген білім бөлімдері мен орталықтардың фойесінде, сондай-ақ көрсетілген ұйымдардың интернет-ресурстарында орналасады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны 4-қосымшаға сәйкес кәмелетке толмаған балаларға тиесілі тұрғын үй алаңын айырбастауға немесе сатуға рұқсат беру үшін нотариалды кеңсеге анықтама беру (бұдан әрі - анықтама) не қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабын ұсыну болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку