Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.26.02 № 140 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН

Осы редакция 2011 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы 26 ақпандағы

№ 140 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Кәмелетке толмаған балаларға тиесілі тұрғын үй алаңын айырбастауға немесе сатуға
рұқсат беру үшін нотариалды кеңсеге анықтамалар беру»
мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Кәмелетке толмаған балаларға тиесілі тұрғын үй алаңын айырбастауға немесе сатуға рұқсат беру үшін нотариалды кеңсеге анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі - Стандарт) қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру тәртібін айқындайды.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 22-24-баптары, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағы, «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 58, 114-баптары және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет 1, 2-қосымшаларға сәйкес Астана қаласының білім басқармасы, қалалық және аудандық білім бөлімдері (бұдан әрі - білім бөлімдері), сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталықтар) арқылы көрсетіледі.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны 4-қосымшаға сәйкес кәмелетке толмаған балаларға тиесілі тұрғын үй алаңын айырбастауға немесе сатуға рұқсат беру үшін нотариалды кеңсеге анықтама беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақыт бойынша шектеу мерзімі:

білім бөліміне өтініш білдірген кезде:

1) құжаттарды қарау мерзімі бес жұмыс күнін құрайды;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку