«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 12 тамыздағы № 139 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес «Қазақстан Республикасының қаржы нарығын мемлекеттік реттеу жүйесін әрі қарай жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 12 сәуірдегі № 25 Жарлығын және «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 61 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 640-құжат; 2005 ж., № 39, 555-құжат; 2006 ж., № 35, 373-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2008 ж., № 3, 38-құжат; № 35, 364-құжат; 2009 ж., № 15, 106-құжат; № 55, 446-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереже осы Жарлықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымында:
1-бөлімде:
реттік нөмірі 13-1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«13-1. Монетарлық операцияларды есепке алу департаменті»;
реттік нөмірі 16-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Қауіпсіздік департаменті»;
реттік нөмірлері 21 және 22, мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«21. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті
22. Мемлекеттік қызметтер сапасын бақылау басқармасы»;
2-бөлімде реттік нөмірі 18-жол алып тасталсын;
4-бөлімде реттік нөмірлері 2 және 3-жолдар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-бөліммен толықтырылсын:
«5. Қазақстан Ұлттық Банкінің ведомстволары:
Демо – версия документа