«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 61 Жарлығы (2011.12.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір мәселелері туралы
(2011.12.08. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығын дамыту комитеті құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:
1) осы Жарлықтың 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар туралы ережелерді бекітсін;
2) осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
Демо – версия документа