Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры акционерлік қоғамының мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1638 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 қарашадағы № 1315 Қаулысы (күші жойылды)

Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры акционерлік қоғамының мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1638 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 қарашадағы № 1315 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 21 қарашадағы № 1470 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1638 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 43, 418-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілісін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мыналар:

1) лауазымдық жалақыларының мынадай:

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Самұрық-Қазына» АҚ) басқармасының төрағасына 1 986 543 (бір миллион тоғыз жүз сексен алты мың бес жүз қырық үш) теңге;

«Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының мүшелері - басқарма төрағасының орынбасаларына 1 706 560 (бір миллион жеті жүз алты мың бес жүз алпыс) теңге;

«Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының мүшелеріне 1 468 575 (бір миллион төрт жүз алпыс сегіз мың бес жүз жетпіс бес) теңге мөлшері айқындалсын;

2) осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы мен мүшелеріне еңбекақы төлеу және сыйлықақы беру шарттары белгіленсін.»;

осы қаулыға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 9 қарашадағы

№ 1315 қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 22 қазандағы

№ 1638 қаулысына

қосымша

 

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку