(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 30.03.99 Ж. № 353-1 ЗАҢЫ
Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы № 353-І Заңы
(2010.29.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 9 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-тарау. Күзетте ұстау орындарындағы сезіктілер мен айыпталушылардың құқықтары | |
3-тарау. Күзетте ұстау орындарында оқшаулауды қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтарға жол бермеу | |
Түпнұсқада мазмұны жоқ
2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен кіріспемен толықтырылды
Осы Заң қоғамнан уақытша оқшаулауды заңды негіздерде қамтамасыз ететін арнаулы мекемелер қызметінің құқықтық негіздерін айқындайды, сондай-ақ оларда ұсталатын адамдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді.
1-бап. 2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы қабылдау орны - ішкі істер органдарының әкімшілік қамауға алынған адамдарды қабылдауға және ұстауға арналған арнаулы мекемесі;
2) арнаулы мекемелер - тергеу изоляторы, уақытша ұстау изоляторы, қабылдау-бөлу орны, арнаулы қабылдау орны;
3) әкімшілік қамауға алынған адам - өзіне қатысты сот әкімшілік қамауға алуды қолдану туралы қаулы шығарған адам;
4) белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адам - Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген немесе тұрғын үйі жоқ адам;
5) бір адамдық камера - күзетке алынған бір адамды барынша толық және қатаң оқшаулау мақсатында ұстауға арналған арнаулы үй-жай;
Редакция документа
Демо – версия документа