(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 30.03.99 Ж. № 353-1 ЗАҢЫ
Қылмыстың жасалуына сезіктілер мен айыпталушыларды
күзетте ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы № 353-І Заңы
(2009.11.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2-тарау. Күзетте ұстау орындарындағы сезіктілер мен айыпталушылардың құқықтары | |
3-тарау. Күзетте ұстау орындарында оқшаулауды қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтарға жол бермеу | |
Түпнұсқада мазмұны жоқ
1-бап. Осы заңның міндеттері
Осы заң қылмыстың жасалуына сезікті және айыпталушы адамдарды күзетте ұстаудың тәртібін реттейді, шарттарын, олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін айқындайды, сондай-ақ күзетте ұстау орындары қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттерін белгілейді.
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
сезікті - өзіне қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша оны қылмыс жасаған деп сезік білдірілуіне байланысты қылмыстық іс қозғалған, бұл туралы оған тергеуші, анықтаушы жария еткен не қамауға алу жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейін бұлтартпау шарасы қолданылған адам;
айыпталушы - өзіне қатысты айыпталушы ретінде іске тарту туралы қаулы шығарылған адам не өзіне қатысты сотта жеке айыптау қылмыстық ісі қозғалған адам, сондай-ақ өзіне қатысты айыптау хаттамасы жасалып, анықтау органының бастығы бекіткен адам;
сотталушы - ісі бойынша басты сот талқылауы тағайындалған айыпталушы;
сотталған адам - өзіне қатысты айыптау үкімі шығарылған айыпталушы;
күзетте ұстау - қылмыс жасады деп ұсталған сезіктілерді, сондай-ақ қамауға алу түріндегі бұлтартпау шаралары қолданылған адамдарды арнаулы мекемелер мен үй-жайларда заңмен белгіленген уақытша оқшаулау;
Редакция документа
Демо – версия документа