Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлерінiң), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не оны иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1223 Қаулысы (2023.29.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлерінiң), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не оны иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1223 Қаулысы

(2023.29.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Үкіметінің 2014.05.08. № 868 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.31.12. № 1197 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда

 

ҚР Үкіметінің 2023.25.01. № 44 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 7 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 188-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Үкіметінің 2014.05.08. № 868 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.31.12. № 1197 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Қоса беріліп отырған Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлерінiң), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не оны иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау қағидалары бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Стратегиялық объектіні сатып алудың басым құқығын пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 сәуірдегі № 312 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 19, 168-құжат);

2) «Стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу және оларды иеліктен шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 сәуірдегі № 320 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 19, 171-құжат);

3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне стратегиялық объектілер мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 мамырдағы № 448 қаулысының 1-тармағының 2) және 3) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 34, 270-құжат).

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции