(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.28.10 № 1223 ҚАУЛЫСЫ
Стратегиялық объектілер меншік иелерінің (құқық иеленушілердің) оңалтушы (банкроттықты) басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не иеліктен шығару туралы өтініштерін қарау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1223 Қаулысы
(2014.05.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2014.05.08. № 868 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 188-бабы 4-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2014.05.08. № 868 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Стратегиялық объектілер меншік иелерінің (құқық иеленушілердің) оңалтушы (банкроттықты) басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не иеліктен шығару туралы өтініштерін қарау қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Стратегиялық объектіні сатып алудың басым құқығын пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 сәуірдегі № 312 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 19, 168-құжат);
2) «Стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу және оларды иеліктен шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 сәуірдегі № 320 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 19, 171-құжат);
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне стратегиялық объектілер мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 мамырдағы № 448 қаулысының 1-тармағының 2) және 3) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 34, 270-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Редакция документа
Демо – версия документа