(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 1999 Ж. 2 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 490-II ҚР ЗАҢЫ
Дене шынықтыру және спорт туралы
1999 жылғы 2 желтоқсандағы № 490-І Қазақстан Республикасының Заңы
(2011.06.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
6-тарау. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы жеңілдіктер және әлеуметтік кепілдіктер | |
7-тарау. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы халықаралық қызмет | |
Түпнұсқада мазмұны жоқ |
|
Осы Заң дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, бұқаралық дене шынықтыру, әуесқойлық және кәсiпқойлық спорт қызметiн қамтамасыз етудiң және оларды дамытудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi.
ҚР 04.07.03 ж. № 471-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 1-бап өзгертілді; 2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) Арнайы олимпиада - мүгедектер мен ақыл-есінің мүмкіндігі шектеулі адамдар қатарындағы спортшылар арасында өткізілетін халықаралық қысқы және жазғы жарыстар;
2) әуесқойлық спорт - азаматтардың дене тәрбиесінің жалпы жүйесіндегі өзінің спорт шеберлігін жетілдіруге және спорттың әр түрінде жоғары нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін сан қырлы бұқаралық спорт қозғалысы;
3) бас жаттықтырушы - Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасына басшылық жасауға, спорт түрі бойынша әлем чемпионаттарында, Азия және Олимпиада ойындарында және басқа да халықаралық жарыстарда оның даярлығына, қалыптасуы мен сайысқа түсуіне жауап беретін жаттықтырушы;
Редакция документа
Демо – версия документа