Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 10 шілдеедгі № 181-ІV Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының
Заңы
 
Қазақстан республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. «Дене шынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 24, 1065-құжат; 2003 ж., № 15, 129-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат):

1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) Арнайы олимпиада - мүгедектер мен ақыл-есінің мүмкіндігі шектеулі адамдар қатарындағы спортшылар арасында өткізілетін халықаралық қысқы және жазғы жарыстар;

2) әуесқойлық спорт - азаматтардың дене тәрбиесінің жалпы жүйесіндегі өзінің спорт шеберлігін жетілдіруге және спорттың әр түрінде жоғары нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін сан қырлы бұқаралық спорт қозғалысы;

3) бас жаттықтырушы - Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасына басшылық жасауға, спорт түрі бойынша әлем чемпионаттарында, Азия және Олимпиада ойындарында және басқа да халықаралық жарыстарда оның даярлығына, қалыптасуы мен сайысқа түсуіне жауап беретін жаттықтырушы;

4) бұқаралық спорт - дене жаттығуларымен айналысуға тарту және спорттың әр түріндегі талантты спортшыларды анықтау мақсатында халық арасында дене шынықтыруды дамытуға ықпал ететін бұқаралық спорт қозғалысын білдіретін дене шынықтырудың бір бөлігі;

5) бұқаралық спорт іс-шараларының күнтізбесі - дене шынықтыру-спорт ұйымдарының оқу-жаттығу жұмысын күнтізбелік жылға жоспарлауы мен өткізуін регламенттейтін ресми құжат;

6) дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері - дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдарды медициналық қамтамасыз етуге, дәрігерлік бақылауға, емдік дене шынықтыруға және оңалтуға арналған медициналық ұйым;

7) дене тәрбиесі - дені сау, дене бітімі және рухани жағынан жетілген, моральдық жағынан табанды жеткіншек ұрпақты қалыптастыруға, адамның денсаулығын нығайтуға, жұмыс қабілетін арттыруға, шығармашылық ғұмырлылығы мен өмірін ұзартуға бағытталған педагогикалық процесс;

8) дене тәрбиесінің құралдары - дене шынықтыру жаттығулары, табиғаттың сауықтыру күштері және гигиеналық факторлар;

9) дене шынықтыру - мәдениеттің ажырамас бөлігі, адамның дене бітімін дамыту, оның денсаулығын нығайту мақсатында қоғам жасайтын және пайдаланатын, адамның үйлесімді дамуына ықпал ететін рухани және материалдық құндылықтар жиынтығы болып табылатын әлеуметтік қызмет саласы;

10) дене шынықтыру (дене шынықтыру-спорт) қозғалысы - халықтың дене шынықтыру деңгейін арттыруға, жеке және заңды тұлғалардың дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі нысаналы қызметіне жәрдемдесетін әлеуметтік қозғалыс нысаны;

11) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті орган - дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

12) дене шынықтыру және спорт жүйесі - халықтың дене тәрбиесі мен спортты дамыту мақсатындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелердің және өзге де заңды тұлғалардың жиынтығы;

13) дене шынықтыру және спорт саласындағы аккредиттеу - дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органның спорт түрі бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктің тиісті халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасын білдіретін құқықтық өкілеттігін ресми тануы;

14 ) дене шынықтыру-сауықтыру, спорт және спорттық-техникалық ғимараттары - азаматтардың дене шынықтыру жаттығуларымен, спортпен айналысуына және спорттық ойын-сауық іс-шараларын өткізуге арналған объектілер;

15) дене шынықтыру-спорт қоғамы (спорт клубы) - қызметі азаматтардың дене шынықтыру және спорт құралдарымен сауығуына бағытталған дене шынықтыру-спорт ұйымының құрамдас бөлігі;

16) дене шынықтыру-спорт ұйымы - дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

17) жаттықтырушы - кәсіби білімі бар және оқу-жаттығу процесі барысында спортшының даярлығын және спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін оның жарыс әрекетіне басшылықты жүзеге асыратын жеке тұлға;

18) жоғары дәрежедегі спортшы - Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының мүшесі болып табылатын, спорттық атағы бар және жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізу мақсатында спорт жарыстарында өнер көрсететін спортшы;

19) жоғары жетістіктер спорты - жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізуді, рекордтар жасауды қамтамасыз ететін спорт саласы;

20) кәсіпқойлық спорт - спорттық ойын-сауық іс-шараларының экономикалық тиімділігін және жоғары ақпараттық-көңіл көтеру құндылығын көздейтін спорттық-кәсіпкерлік қызмет;

21) кешенді ғылыми топ - ғылыми-әдістемелік және медициналық-биологиялық зерттеулер жүргізу, спортшының функционалдық жай-күйін және даярлығының техникалық деңгейін айқындау үшін құрылатын білікті мамандар тобы;

22) мемлекеттік жаттықтырушы - Қазақстан Республикасында спорт түріне жалпы басшылық жасау және оның дамуы үшін жауап беретін жаттықтырушы;

23) оқу-жаттығу базасы - құрама командалардың оқу-жаттығу процесін тамақтану және сонда тұруымен қоса қамтамасыз етуге арналған спорт ғимараты;

24) олимпиадалық даярлау орталығы - республикалық деңгейде құрылып, Қазақстан Республикасының жастар мен жасөспірімдер құрама командаларының спортшыларын халықаралық жарыстарға даярлау бойынша оқу-жаттығу, спорттық-әдістемелік қызметті жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымы;

25) олимпиадалық резерв даярлау орталығы - жергілікті деңгейде құрылып, өңірдің жастар мен жасөспірімдер құрама командаларының спортшыларын республикалық және халықаралық жарыстарға даярлау бойынша оқу-жаттығу, спорттық-әдістемелік қызметті жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымы;

26) Параолимпиадалық ойындар - тірек-қозғалу аппараты және көру органдары зақымданған мүгедек-спортшылар арасында өткізілетін халықаралық қысқы және жазғы жарыстар;

27) президенттік тестілер - бақылау нормативтері арқылы халықтың дене шынықтыру дайындығының жалпы деңгейін айқындайтын жаттығулардың (сынақтардың) жиынтығы;

28) салалық көтермелеу жүйесі - дене шынықтыру және спорт қызметкерлерін саланы дамытуға қосқан үлесі үшін ынталандыру нысаны;

29) спорт - жарыс әрекетінің, спортшыларды жарыстарға қатысуға даярлаудың ерекше нысаны болып табылатын дене шынықтырудың бір бөлігі;

30) спорт төрешісі - арнайы даярлықтан өткен және тиісті біліктілік санатын алған, спорт түрінің және спорттық іс-шараның ережелерін сақтауды қамтамасыз етуге спорттық іс-шараларды ұйымдастырушы уәкілеттік берген жеке тұлға;

31) спорт түрі - біліктілік деңгейі, жаттығу ортасы, пайдаланылатын құрал-сайман мен жабдық, жарыс ережесі айрықша белгілері болып табылатын дене шынықтырудың құрамдас бөлігі;

32) спорт түрі бойынша қоғамдық бірлестік - мақсаты бір немесе бірнеше спорт түрлерін дамыту, спорт жарыстарын және басқа да спорт іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізу болып табылатын, азаматтардың ерікті негізде құрылған бірлестігі;

33) спорттық индустрия - дене шынықтыру-спорт мақсатындағы қызмет көрсетуді, өнімдер өндіруді жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің жиынтығы;

34) спорт қызметі туралы келісім-шарт - жоғары дәрежедегі спортшы немесе жаттықтырушы мен заңды тұлға арасында жасалатын шарт;

35) спорт медицинасы және оңалту орталығы - спортшыны қалпына келтіру, алдын алу және оңалту іс-шараларын, медициналық-биологиялық препараттарды қолдану қауіпсіздігін және олардың тиімділігін қамтамасыз ететін медициналық ұйым;

36) спорттық сыныптама - жекелеген спорт түрлерінде шеберлік деңгейін, сондай-ақ жаттықтырушылардың, спортшылардың, нұсқаушылардың, әдіскерлердің және төрешілердің біліктілік деңгейін айқындайтын спорттық атақтардың, разрядтардың және санаттардың жүйесі;

37) спорттың техникалық және қолданбалы түрлері - спортшының техникалық құралдарды қолдана отырып жарыстарға арнайы даярлығын талап ететін дене шынықтырудың бір бөлігі;

38) спортшы - спорт түрімен (түрлерімен) үнемі айналысатын және спорт жарыстарында өнер көрсететін жеке тұлға;

39) Сурдолимпиадалық ойындар - есту органдарына зақым келген мүгедек-спортшылар арасында өткізілетін халықаралық қысқы және жазғы жарыстар;

40) Универсиада - спорттың әр түрі бойынша өткізілетін дүниежүзілік студенттік қысқы және жазғы спорт жарыстары;

41) ұлттық спорт түрлері - жарыс әрекеті нысанында тарихи қалыптасқан және өзіне тән дене шынықтыру жаттығуларын және дене шынықтыру белсенділігін ұйымдастырудың өзіндік ережелері мен тәсілдері бар халық ойындарын білдіретін дене шынықтырудың бір бөлігі;

42) халықаралық спорт жарыстары - кемінде бес мемлекеттің өкілдері қатысатын спортшылар (командалар) арасында спорт түрінен өтетін сайыс.»;

2) 8-бапта:

1-тармақтағы «дене шынықтыру-сауықтыру және спорт бағытындағы» деген сөздер «спорт түрлері бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақтың екінші бөлігіндегі «заң актілеріне» деген сөздер «заңнамасына» деген сөзбен ауыстырылсын;

3) 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт жүйесі»;

4) 2-тарау мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:

«8-1-бап. Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру  (дене шынықтыру-спорт) қозғалысының субъектілері

Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру (дене шынықтыру-спорт) қозғалысы:

1) олимпиадалық даярлау орталықтарын;

2) олимпиадалық резерв даярлау орталықтарын;

3) жоғары спорт шеберлігі мектептерін;

4) спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарды;

5) олимпиадалық резервтің спорт мектептерін;

6) олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектептерін;

7) балалар-жасөспірімдер спорт мектептерін;

8) дене шынықтыру-спорт қоғамдарын (спорт клубтарын);

9) балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлығы клубтарын;

10) балалар мен жеткіншектер клубтарын;

11) спорт медицинасы және оңалту орталықтарын;

12) дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерін;

13) допингке қарсы комиссияларды;

14) кешенді ғылыми топтарды;

15) оқу-жаттығу базаларын;

16) қызметі мектеп жасына дейінгі балалардың, оқушылар мен студенттердің дене тәрбиесі мен спорттық даярлығына бағытталған жеке және заңды тұлғаларды қамтиды.»;

5) 9-бапта:

1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «және санитариялық-гигиеналық талаптарға» деген сөздер «, санитариялық ережелер мен гигиеналық нормативтерге» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері, жалпы білім беретін мектептер және басқа да оқу орындары оқушыларға дене тәрбиесін беру мақсатында: дене шынықтыру машықтарын қалыптастырады, спортпен айналысуға тартады, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізеді және қоғамдық бірлестіктер мен басқа да заңды тұлғалардың мектеп жасына дейінгі балалардың, оқушылар мен студенттердің қатысуымен спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуіне жәрдемдеседі.»;

2-тармақтағы «әзірлігіне бағытталған басқа да ұйымдар» деген сөздер «даярлығына бағытталған басқа да заңды тұлғалар» деген сөздермен ауыстырылсын;

6) 10-баптың 1-тармағында:

«Меншік нысандарына қарамастан кәсіпорындар» деген сөздер «Кәсіпорындар» деген сөзбен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Мемлекеттік кәсіпорындар және мемлекеттің қатысу үлесі бар заңды тұлғалар дене шынықтыру-спорт қоғамдарының (спорт клубтарының) қызметіне қатысуға міндетті.»;

7) 11-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Тұрғылықты жерде және халықтың жаппай демалатын орындарында дене шынықтыруды және спортты дамыту:

1) спорттық клубтар мен секциялар жұмысын ұйымдастыруды;

2) дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуді;

3) дене шынықтыру-спорт ұйымдарына жаппай демалатын орындарда халықтың дене шынықтырумен және спортпен айналысуына арналған қажетті үй-жайлар бөлуге және спорттық ғимараттар беруге жәрдемдесуді қамтиды.»;

8) 12-бапта:

тақырыптағы және мәтіндегі «Мүгедектерге», «мүгедектерді», «мүгедектер», «Ақыл-есі кем және дене кемістігі бар мүгедектерді» және «мүгедектердің» деген сөздер тиісінше «Мүгедектер мен ақыл-есінің мүмкіндігі шектеулі адамдарға», «мүгедектер мен ақыл-есінің мүмкіндігі шектеулі адамдарды», «мүгедектер мен ақыл-есінің мүмкіндігі шектеулі адамдар», «Мүгедектер мен ақыл-есінің мүмкіндігі шектеулі адамдарды» және «мүгедектер мен ақыл-есінің мүмкіндігі шектеулі адамдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармақтың бірінші бөлігі «халықаралық жарыстарға» деген сөздерден кейін «, оның ішінде Параолимпиадалық, Сурдолимпиадалық ойындарға және Арнайы олимпиадаға» деген сөздермен толықтырылсын;

9) 14-бапта:

төртінші абзац бойынша орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

алтыншы абзац бойынша орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

10) 15-бапта:

2-тармақта:

«және санитариялық-гигиеналық нормаларға» деген сөздер «, санитариялық ережелер мен гигиеналық нормативтерге» деген сөздермен ауыстырылсын;

орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

3-тармақтағы «санитариялық-гигиеналық нормаларға» деген сөздер «санитариялық ережелер мен гигиеналық нормативтерге» деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармақтағы «заңдарында белгіленген тәртіппен» деген сөздер «заңдарына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;

11) 16-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Жоғары дәрежедегі спортшылар даярлауды дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті орган бекіткен спорт түрлері жөніндегі бағдарламаларға сәйкес дене шынықтыру және спорт саласындағы отандық және шетелдік мамандар, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласында қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар жүзеге асырады.»;

2-тармақтың бірінші бөлігінде:

«спортшыларын әзірлеу» деген сөздер «жоғары дәрежедегі спортшыларын даярлау» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші сөйлем алып тасталсын;

12) 18-бапта:

1-тармақтағы «ғалымдардың, дене шынықтыру-спорт ұйымдары мен спорт медицинасы ұйымдарының басқа да қызметкерлерінің ұжымдары спорттың түрлері бойынша федерациялардың» деген сөздер «отандық және шетелдік мамандардың, дене шынықтыру-спорт және медицина ұйымдарының басқа да қызметкерлерінің ұжымдары спорттың түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктердің» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақтағы «спорттың әр түрі бойынша тиісті федерациялар», «спорттың әр түрі бойынша федерациялардың» деген сөздер тиісінше «спорт түрлері бойынша тиісті қоғамдық бірлестіктер», «спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктердің» деген сөздермен ауыстырылсын;

13) 20-бапта:

«ұйымдармен» деген сөз «заңды тұлғалармен» деген сөздермен ауыстырылсын;

«ғалымдарды» деген сөз «отандық және шетелдік мамандарды» деген сөздермен ауыстырылсын;

орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

14) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«21-бап. Спорт резервін даярлау

1. Спорт резервін даярлау оқу-жаттығу процесі кезеңінде оқу-жаттығу бағдарламаларының және оқу жоспарларының негізінде жүзеге асырылады.

Оқу-жаттығу процесі спортшыларды даярлаудың мынадай көпжылдық кезеңдеріне бөлінеді:

1) спорттық-сауықтыру;

2) бастапқы даярлық;

3) оқу-жаттығу;

4) спорт шеберлігін жетілдіру;

5) жоғары спорт шеберлігі.

2. Оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру оқу-жаттығу мен спорттық іс-шараларды өткізуді, спортшыларға медициналық қызмет көрсетуді, оларды тамақтандыруды және оқу-жаттығу мен спорттық іс-шараларға бару жолын, сондай-ақ спорттық керек-жарақпен, спорт құрал-сайманымен және жабдығымен қамтамасыз етуді қамтиды.

3. Оқу-жаттығу сабақтары дене шынықтыру-спорт ұйымдарында және балалар-жасөспірімдер спорт ұйымдарында жүргізіледі.»;

15) 22-баптың 1-тармағының екінші абзацындағы «және ұлттық федерациялар» деген сөздер «федерациялар және республикалық қоғамдық бірлестіктер» деген сөздермен ауыстырылсын;

16) 22-1-бапта:

4-тармақтағы «Дене шынықтыру және спорт жөніндегі жаттықтырушыларға» деген сөздер «Жаттықтырушыларға» деген сөзбен ауыстырылсын;

5-тармақтағы «Дене шынықтыру және спорт жөніндегі төрешілерге» деген сөздер «Спорт төрешілеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;

17) 4-тарау мынадай мазмұндағы 22-2-баппен толықтырылсын:

«22-2-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің дене шынықтыру және спорт саласындағы құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеу ережесін бекітеді;

2) спорттық іс-шараларды материалдық қамтамасыз ету нормативтерін бекітеді;

3) республикалық спорттық іс-шаралардың, универсиадалардың жүлдегерлерін және оларға қатысушыларды және халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелері үшін Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерін көтермелеу мөлшерлерін бекітеді;

4) еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға ай сайынғы материалдық қамсыздандыру түрінде өмір бойы төлемақы төлеу ережесін бекітеді;

5) Президенттік тестілерді өткізу ережесін бекітеді.»;

18) 23-бапта:

3) тармақшадағы «спорт» деген сөз «дене шынықтыру-спорт» деген сөздермен ауыстырылсын;

10) тармақшадағы «стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі» деген сөздер «техникалық реттеу саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;

13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«13) білім беру ұйымдарындағы қызметті қоспағанда, жоғары санаттағы спорт ғимараттарында дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерін көрсету жөніндегі заңды және жеке тұлғалардың қызметін, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласында қызмет көрсетумен байланысты спорт түрлері бойынша республикалық және өңірлік қоғамдық бірлестіктердің қызметін лицензиялауды жүзеге асырады;»;

мынадай мазмұндағы жаңа 14-1) тармақшамен толықтырылсын:

«14-1) спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеуді жүзеге асырады;»;

15) тармақшадағы «және бекітеді» деген сөздер алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 21), 22), 23), 24), 25), 26) тармақшалармен толықтырылсын:

«21) дене шынықтыру (дене шынықтыру-спорт) қозғалысы субъектілерінің қызметін ұйымдастыру ережесін бекітеді;

22) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісе отырып, Дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінің және спорт медицинасы мен оңалту орталықтарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекітеді;

23) спорт түрлері бойынша жарыстардың ережесін бекітеді;

24) Спортшының бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан, дене шынықтыру-спорт қоғамынан (спорт клубынан) басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына, дене шынықтыру-спорт қоғамына (спорт клубына) ауысуы туралы ережені бекітеді;

25) дене шынықтыру-спорт және балалар-жасөспірімдер спорт ұйымдарындағы оқу-жаттығу бағдарламаларын және оқу-жаттығу процесінің кезеңдерін бекітеді;

26) спорт түрлері бойынша бас және мемлекеттік жаттықтырушыларды қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.»;

19) 23-1-бапта:

1-тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы:»;

13) тармақшада:

«дене шынықтыру-сауықтыру және» деген сөздердің алдынан «білім беру ұйымдарындағы қызметті қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;

«дене шынықтыру және спорт жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жергілікті қоғамдық бірлестіктердің, одақтардың, қауымдастықтардың (облыстық федерациялардың)» деген сөздер «спорт түрлері бойынша жергілікті қоғамдық бірлестіктердің» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:

«14) емдік дене шынықтыру және дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдарды оңалту бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінің қызметін қамтамасыз етеді.»;

2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы:»;

3-тармақ «жәрдем көрсетеді» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ азаматтардың тұрғылықты жерінде және жаппай демалатын орындарында дене шынықтыруды және спортты дамыту үшін жағдайлар жасайды» деген сөздермен толықтырылсын;

20) 24-бапта:

тақырыптағы, 1 және 3-тармақтардағы «Дене шынықтыру және спорт саласындағы», «дене шынықтыру және спорт саласындағы» деген сөздер тиісінше «Спорт түрлері бойынша», «спорт түрлері бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;

21) 24-1-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

22) 25-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Дене шынықтыруды және спортты қаржыландыру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.»;

6-тармақ алып тасталсын;

23) 26-бапта:

1-тармақтағы «спорт клубтарының, мектеп-интернаттарының, спорт мектептерінің», «спорт клубтары (мектеп-интернаттар, спорт мектептері» деген сөздер тиісінше «дене шынықтыру-спорт ұйымдарының», «дене шынықтыру-спорт ұйымдары» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақта:

«дене шынықтыру,», «Спорт бірлестіктерінің» деген сөздер тиісінше «дене шынықтыру-», «Дене шынықтыру-спорт ұйымдарының, спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктердің» деген сөздермен ауыстырылсын;

«сол бірлестіктердің келісімімен» деген сөздер «олардың келісімімен» деген сөздермен ауыстырылсын;

24) 27-бапта:

1-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

«4. Мемлекеттік меншіктегі дене шынықтыру-сауықтыру, спорт және спорттық-техникалық ғимараттарды, соларға тең дене шынықтыру-сауықтыру, спорт және спорттық-техникалық ғимараттарын құрмай жоюға, олардың нысаналы және функционалдық мақсаттарын өзгертуге жол берілмейді.»;

25) 29-баптағы «аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) атқарушы органның және дене шынықтыру-сауықтыру және спорт бағытындағы ұйымдар» деген сөздер «ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының және дене шынықтыру-спорт ұйымдары» деген сөздермен ауыстырылсын;

26) 30-бапта:

1 және 2-тармақтардағы «дене шынықтыру-спорт бірлестіктері» деген сөздер «спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктер» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақта:

«ұйымдардың» деген сөз «дене шынықтыру-спорт ұйымдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;

«меншік нысандарына қарамастан» деген сөздер алып тасталсын;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Спортшының бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан, дене шынықтыру-спорт қоғамынан (спорт клубынан) басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына, дене шынықтыру-спорт қоғамына (спорт клубына) немесе шетелдік дене шынықтыру-спорт ұйымына (шетелдік спорт клубына) дене шынықтыру-спорт ұйымдарының, дене шынықтыру-спорт қоғамдарының (спорт клубтарының) өзара келісімімен ауысуға құқығы бар.»;

27) 31-баптың бірінші бөлігіндегі «спорт клубтарының, қоғамдарының және басқа да мүдделі ұйымдардың» деген сөздер «дене шынықтыру-спорт ұйымдарының, дене шынықтыру-спорт қоғамдарының (спорт клубтарының) және басқа да мүдделі заңды тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

28) 32-баптағы «спорт» деген сөз «дене шынықтыру-спорт» деген сөздермен ауыстырылсын;

29) 33-бапта:

1-тармақтың бесінші абзацы «Қазақстан Республикасының» деген сөздерден кейін «ұлттық» деген сөзбен толықтырылсын;

2-тармақ «Қазақстан Республикасы» деген сөздерден кейін «ұлттық» деген сөзбен толықтырылсын.

2. «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; 2009 жылғы 8 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 9 мамырда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауар биржалары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 8 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 9 мамырда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 12 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

Укажите название закладки

Создать новую папку