Ішкі істер органдарындағы қызметін тоқтатқан қызметкерлерді Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының кадрынан шығару қағидалары (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығына 16-қосымша) (2020.21.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
ҚР Ішкі істер министрінің 2013.27.08. № 521 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2018.28.09. № 676 бұйрығымен (бұр.ред.қара) қағида жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2011 жылғы 27 мамырдағы
№ 246 бұйрығына
16-қосымша
ҚР Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 22 қазандағы № 830 бұйрығымен күші жойылды
Ішкі істер органдарындағы қызметін тоқтатқан қызметкерлерді
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының кадрынан шығару
қағидалары
(2020.21.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ішкі істер органдарындағы қызметін тоқтатқан қызметкерлерді Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының кадрынан шығару қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 81-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленген және қызметкерлердің қызметін тоқтатумен байланысты, оларды Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының (бұдан әрі - ІІО) кадрынан шығаруды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Ішкі істер органдарындағы қызметін тоқтатуға:
1) ІІО-дан жұмыстан шығу;
2) ІІО қызметкерінің өлімі (қаза болуы) немесе заңды күшіне енген сот шешіміне сәйкес қайтыс болды деп жариялау;
3) қызметкерді белгіленген тәртіппен хабарсыз кеткен немесе іс-әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі деп тану негіз болып табылады.
2-тарау. Ішкі істер органдарының кадрынан шығару тәртібі
3. ІІО-да қызметiн тоқтатқан қызметкерлер ІІО-ның кадрынан шығарылады.
IІО-да қызметiн тоқтату қызметкерлердi ІІО-дан шығару туралы болмаса сот хабарсыз кеткен немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған, сондай-ақ қайтыс болған (қаза тапқан) қызметкерлерді жеке құрамның тiзiмiнен шығару туралы тиісті бастықтардың бұйрықтарымен ресiмделедi.
Документ утратил силу
Демо – версия документа