Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 19.03.04 Ж. № 345 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасының орнықты даму жөніндегі кеңесi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 ж. 19 наурыздағы № 345 Қаулысы

(2010.10.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2011 жылғы 4 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының орнықты дамуға тиiмдi көшуi үшiн мемлекеттік саясатты қалыптастыру, ведомствоаралық үйлестiрудi және сектораралық ықпалдасуды күшейту жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Қазақстан Республикасының орнықты даму жөніндегі кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) құрылсын.

2. Қоса берiлiп отырған Кеңес туралы ереже бекітілсiн.

3. Мыналардың:

1) «Рио+10» тұрақты даму жөніндегі Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзiлiк Саммитiне дайындық және 21-ғасырға арналған Қазақстандық Күн Тәртібін әзiрлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 15 сәуірдегі № 430 қаулысының;

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 қыркүйектегi № 922 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 37, 374-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістердiң 4-тармағының күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

 

ҚР Үкіметінің 2005.12.07. № 723 Қаулысымен құрам өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2006.13.06. № 542 (бұр. ред. қара); 2007.16.03. № 202 (бұр. ред. қара); 2007.22.10. № 985 (бұр.ред.қара) қаулыларымен құрамы жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2009.29.10. № 1703 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.10.09. № 922 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді

 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2004 жылғы 19 наурыздағы

№ 345 қаулысына

қосымша

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку