Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 19.03.04 Ж. № 345 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасының орнықты даму жөніндегі кеңесi туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 ж. 19 наурыздағы № 345 қаулысы

(2007.22.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2009 жылғы 29 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының орнықты дамуға тиiмдi көшуi үшiн мемлекеттік саясатты қалыптастыру, ведомствоаралық үйлестiрудi және сектораралық ықпалдасуды күшейту жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Қазақстан Республикасының орнықты даму жөніндегі кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) құрылсын.

2. Қоса берiлiп отырған Кеңес туралы ереже бекітілсiн.

3. Мыналардың:

1) «Рио+10» тұрақты даму жөніндегі Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзiлiк Саммитiне дайындық және 21-ғасырға арналған Қазақстандық Күн Тәртібін әзiрлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 15 сәуірдегі № 430 қаулысының;

2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 қыркүйектегi № 922 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 37, 374-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістердiң 4-тармағының күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2004 жылғы 19 наурыздағы

№ 345 қаулысына

қосымша

 

ҚР Үкіметінің 2005.12.07. № 723 Қаулысымен құрам өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2006.13.06. № 542 (бұр. ред. қара); 2007.16.03. № 202 (бұр. ред. қара); 2007.22.10. № 985 (бұр.ред.қара) қаулыларымен құрамы жаңа редакцияда

 

Қазақстан Республикасының орнықты даму жөніндегі

кеңесінің құрамы

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку