(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 30 ҚАҢТАРДАҒЫ № 70 ҚАУЛЫСЫ
Дінтану сараптамасын жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы № 70 Қаулысы
(2010.31.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 1 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Дінтану сараптамасын жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Ережеге сәйкес дінтану сараптамасының жүргізілуін қамтамасыз етсін.
ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігіне діни бірлестіктердің құрылтай және басқа да құжаттарын дінтану сараптамасына жолдасын.
3. Осы қаулы ресми жарияланған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2007 жылғы 30 қаңтардағы
№ 70 қаулысымен
бекітілген
Дінтану сараптамасын жүргізу
ережесi
Дінтану сараптамасын жүргізу ережесі (бұдан әрі - Epeжe) «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және дінтану сараптамасын жүргізу тәртібін айқындайды.
1. Дінтану сараптамасы (бұдан әрі - сараптама) діни бірлестіктер қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін анықтау мақсатында діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу кезінде жүргізіледі.
Сараптама Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленетін басқа негіздер бойынша да жүргізілуі мүмкін.
Редакция документа
Демо – версия документа