(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 30 ҚАҢТАРДАҒЫ № 70 ҚАУЛЫСЫ
Дінтану сараптамасын жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы № 70 Қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Дінтану сараптамасын жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу кезінде Ережеге сәйкес дінтану сараптамаларының жүргізілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2007 жылғы 30 қаңтардағы
№ 70 қаулысымен
бекітілген
\=Дінтану сараптамасын жүргізу
ережесi
Дінтану сараптамасын жүргізу ережесі (бұдан әрі - Epeжe) «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және дінтану сараптамасын жүргізу тәртібін айқындайды.
1. Дінтану сараптамасы (бұдан әрі - сараптама) діни бірлестіктер қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін анықтау мақсатында діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу кезінде жүргізіледі.
Сараптама Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленетін басқа негіздер бойынша да жүргізілуі мүмкін.
2. Сараптама діни ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік органдар өкілдерінің, дінтанушылардың, заңгерлердің және ар-ождан бостандығы құқығы саласындағы басқа да мамандардың (бұдан әрі - сарапшылар) қатысуымен жүргізіледі.
3. Сараптама діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу үшін маңызы бар мәліметтер сарапшы арнайы ғылыми білімдер негізінде жүргізетін зерттеулер нәтижесінде белгіленуі мүмкін жағдайда тағайындалады.
Сараптаманы арнайы ғылыми білімі бар мүдделі емес адам жүргізеді.
Редакция документа
Демо – версия документа