(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.22.06. № 607 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 Қаулысы
(2011.30.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 26 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
3) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. ҚР Үкіметінің 2007.29.10. № 1004 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. ҚР Үкіметінің 2007.29.10. № 1004 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Мыналарға:
ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі Iшкi әскерлер комитетiнiң төрағасына бес орынбасары болуына;
2) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау комитетiнiң төрағасына үш орынбасары болуына рұқсат берілсiн.
5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
| Д. Ахметов |
Үкіметінiң
2005 жылғы 22 маусымдағы
№ 607 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2006.21.04. № 313 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2010.30.09. № 1009 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді
Редакция документа
Демо – версия документа