«Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1009 Қаулысы (2022.19.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі кейбір шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1009 Қаулысы
(2022.19.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 және «Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 1066 жарлықтарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдары — мемлекеттік мекемелерімен бірге Сот актілерін орындау комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті құрылсын.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелері таратылсын.
ҚР Үкіметінің 2010.30.12. № 1477 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 30 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетінің қарауындағы ұйымдар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарауына берілсін.
4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Көліктегі Батыс ішкі істер департаменті», «Көліктегі Орталық ішкі істер департаменті» және «Көліктегі Оңтүстік - Шығыс ішкі істер департаменті» мемлекеттік мекемелері оларды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Көліктегі ішкі істер департаменті» мемлекеттік мекемесіне қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
Демо – версия документа