Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 123 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

 

«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы»

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 3, 36-құжат; № 38, 405-құжат; № 43, 481-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; № 33, 309-құжат; 2010 ж., № 45, 402-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссияның құрамы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізудің ережелерінде:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Конкурстың жеңімпаздарын айқындау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) шешімі негізінде лауреаттар атақтары жыл сайын мынадай:

1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі;

2) ірі кәсіпкерлік субъектісі санаттары бойынша беріледі.»;

3) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссия туралы ережеде:

1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Комиссияның лауазымдық құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.».

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. НАЗАРБАЕВ

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку