Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығы (2024.09.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы
(2024.09.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы Жарлыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Президентінің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі № 177 Жарлығын қараңыз (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстанның жеке кәсіпкерлік субъектілерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік принциптерін қалыптастыру мен ілгерілету және оларды осы саладағы ең үздік тәжірибені енгізуге ынталандыру мақсатында қаулы етемін:
1. 2008 жылдан бастап жыл сайын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізу белгіленсін.
2. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссия құрылсын.
3. Қоса беріліп отырған:
1) Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізудің ережелері;
2) Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2008 жылғы қаңтардың 23-і.
№ 523
Қазақстан Республикасы Президентінің
2008 жылғы 23 қаңтардағы
№ 523 Жарлығымен
бекітілген
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізудің
ережелері
1. Жалпы ережелер
ҚР Президентінің 2010.16.07. № 1029 Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы (бұдан әрі - конкурс) халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.
Конкурсты өткізудің мақсаттары:
Демо – версия документа