Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 17.08.92 Ж. № 684 ҚАУЛЫСЫ

Паспорттар, жеке куәлiктер мен азаматтық хал актiлеріндегі Қазақстан Республикасы
азаматтарының ұлты туралы жазбаны өзгерту Ережелерiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 17 тамыздағы 1992 ж. № 684 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 2005.14.02. № 140 Қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция 2011 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Үкіметінің 2005.14.02. № 140 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)

Қазақстан Республикасының «Қазақ КСР Неке және үйелмен туралы Кодексiнiң 63-бабын толықтыру туралы» 1992 жылғы 26 маусымда қабылдаған Заңына байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

ҚР Үкіметінің 2005.14.02. № 140 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Паспорттар, жеке куәлiктер мен азаматтық хал актiлеріндегі Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлты туралы жазбаны өзгертудiң ұсынылған Ережесi бекітілсiн.

ҚР Үкіметінің 2005.14.02. № 140 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Азаматтардың паспортындағы және жеке куәлiгіндегi ұлты туралы жазбаны өзгертудi олардың жазбаша өтiнiштерi бойынша берiлген арызының негiздiлiгiн растайтын тууы туралы куәлiк пен басқа құжаттардың негiзiнде әдiлет органдары бiр рет жасайтын болып белгiленсiн.

Азаматтық хал актiлеріндегі ұлты туралы жазбаны өзгертудi АХАТ органдары азаматтың өтiнiшi негiзiнде ол қажеттi құжаттарын бергеннен кейiн жүргiзедi.

ҚР Үкіметінің 2005.14.02. № 140 Қаулысымен 2-1-тармақпен толықтырылды

2-1. «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі Заңына сәйкес берілетiн ақтау туралы анықтамалар негiзiнде Қазақстан Республикасының аумағына қуғын-сүргiн кезеңiнде күштеп қоныс аударылған Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттарындағы, жеке куәлiктерi мен азаматтық хал актiлеріндегі ұлты туралы жазбаны өзгертуге ерекше түрде рұқсат етiлсiн.

3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі, Әдiлет министрлігі қолданылып жүрген ведомстволық актiлердi осы қаулымен сәйкестендiретiн болсын.

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрi

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку