(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Паспорттар мен азаматтық хал актiлерiндегi Қазақстан Республикасы
азаматтарының ұлты туралы жазбаны өзгерту Ережелерiн бекiту
туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы
17 тамыз 1992 ж. N 684
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 14 ақпандағы N 140 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының "Қазақ КСР Неке және үйелмен туралы Кодексiнiң 63-бабын толықтыру туралы" 1992 жылғы 26 маусымда қабылдаған Заңына байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Паспорттар мен азаматтық хал актiлерiндегi Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлты туралы жазбаны өзгертудiң ұсынылған Ережесi бекiтiлсiн.
2. Азаматтардың паспортындағы ұлты туралы жазбаны өзгертудi олардың жазбаша өтiнiштерi бойынша берiлген арызының негiздiлiгiн растайтын тууы туралы куәлiк пен басқа құжаттардың негiзiнде iшкi iстер органдары бiр рет жасайтын болып белгiленсiн.
Азаматтық хал актiлерiндегi ұлты туралы жазбаны өзгертудi АХАТ органдары азаматтың өтiнiшi негiзiнде ол қажеттi құжаттарын бергеннен кейiн жүргiзедi.
3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Әдiлет министрлiгi қолданылып жүрген ведомстволық актiлердi осы қаулымен сәйкестендiретiн болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1992 жылғы 17 тамыздағы
N 684 қаулысымен
Бекiтiлген
Паспорттар мен азаматтық хал актiлерiндегi
Қазақстан Республикасы азаматтарының
ұлты туралы жазбаны өзгерту
Ережесi
Қазақстан Республикасының "Қазақ КСР Неке және үйелмен туралы Кодексiнiң 63-бабын толықтыру туралы" 1992 жылғы 26 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының бұрын таңдаған ұлтын ата-анасының бiрiнiң ұлтына өзгертудiң мынандай тәртiбi белгiленсiн:
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының паспортындағы ұлты туралы жазбаны өзгертудi iшкi iстер органдары жүргiзедi.
2. Паспорттағы ұлты туралы жазбаны өзгерту туралы өтiнiштi
Демо – версия документа