«Қазақстан Республикасында теңіз құрылыстарын құру, пайдалану және қолдану мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 694 Қаулысы (2014.04.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасында теңіз құрылыстарын құру, пайдалану және қолдану мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 694 Қаулысы
(2014.04.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 487 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасында теңіз құрылыстарын құру, пайдалану және қолдану мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында теңіз құрылыстарын құру, пайдалану және қолдану мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2013.21.01. № 19 Қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.04.02. № 49 Қаулысымен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.04.09. № 970 Қаулысымен (бұр.ред.қара) қосымша жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 23 маусымдағы
№ 694 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасында теңіз құрылыстарын құру,
пайдалану және қолдану мәселелері жөніндегіведомствоаралық
комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасының Энергетика бірінші вице-министрі, төраға
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті төрағасының орынбасары, хатшы
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-Теңіз Күштерінің бас қолбасшысы, контр-адмирал
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитетінің төрағасы
Документ утратил силу
Демо – версия документа