(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.23.06 № 694 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасында теңіз құрылыстарын құру, пайдалану және қолдану мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 694 Қаулысы
(2014.09.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 4 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасында теңіз құрылыстарын құру, пайдалану және қолдану мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында теңіз құрылыстарын құру, пайдалану және қолдану мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2013.21.01. № 19 Қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.04.02. № 49 Қаулысымен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 23 маусымдағы
№ 694 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасында теңіз құрылыстарын құру, пайдалану
және қолдану мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
құрамы
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрi, төраға
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрi, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлiгi Мұнай-газ кешенiндегi мемлекеттiк инспекциялау комитетi төрағасының орынбасары, хатшы
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы, контр-адмирал
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлiгi Мұнай-газ кешенiндегi мемлекеттiк инспекциялау комитетiнiң төрағасы
Редакция документа
Демо – версия документа