Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 29.10.04 Ж. № 1125 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1125 Қаулысы

(2010.25.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2010 жылғы 2 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған:

1) ҚР Үкіметінің 2007.12.10. № 944 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2) ҚР Үкіметінің 2007.12.10. № 944 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3) Комитеттiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн.

2. ҚР Үкіметінің 2007.12.10. № 944 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3. Мыналардың:

1) «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 10 қаңтардағы № 21 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 1, 7-құжат);

2) «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң «Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы» және «Шымкент обаға қарсы күрес станциясы» мемлекеттік мекемелерiн ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 28 наурыздағы № 366 қаулысының 4-тармағы 3) тармақшасының;

3) «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 9 желтоқсандағы № 1293 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағының күшi жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку