Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы» мен «Шымкент обаға қарсы күрес станциясы» мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 28 наурыздағы № 366 қаулысы (ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604; 28.10.04 ж. № 1117; 29.10.04 ж. № 1125 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң "Ақтөбе обаға қарсы
күрес станциясы" мен "Шымкент обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттік
мекемелерiн қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 28 наурыздағы № 366 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604; 28.10.04 ж. № 1117;
29.10.04 ж. № 1125 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Бұрынғы редакцияларды қара

Обаның табиғи ошақтары аумақтарында осы жұқпаның алдын алу жөніндегі iс-шаралардың тиiмділігiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң "Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттік мекемесi одан Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң "Шалқар обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттік мекемесiн (бұдан әрi - 1 Мекеме) бөлу жолымен;

2) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң "Шымкент обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттік мекемесi одан Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң "Жамбыл обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттік мекемесiн (бұдан әрi - 2 Мекеме) бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. 1 және 2 Мекемелердi қаржыландыру Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп айқындалсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) 1 және 2 Мекемелердiң жарғыларын бекiтсiн және олардың Әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді

4. Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысына:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiнде:

8 "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгi" бөлiмiнде:

бөлiмнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі", 3-бағанда: "Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы" жолындағы "106" деген сан "58" деген санмен ауыстырылсын;

"Шымкент обаға қарсы күрес станциясы" жолындағы "150" деген сан "99" деген санмен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

"Жамбыл обаға қарсы күрес станциясы 51

Шалқар обаға қарсы күрес станциясы 48";

2) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1117 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

3) ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1125 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И.Тасмағамбетов










































































 

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции