«Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 464 қаулысымен бекітілген) (2011.23.09. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 664 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 29 сәуірдегі
№ 464 қаулысымен
бекітілген
«Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне
ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2011.23.09. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2011.23.09. № 1090 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) мекенжайлары мен байланыс деректері осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясының (бұдан әрі - Аумақтық инспекция) республикалық, маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы (бұдан әрі - Инспектор) ұсынады.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
1) «Ветеринария тураяы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 1-бабы 9) тармақшасының, 16-бабының 3-тармағы 4) тармақшасының және 35-бабы 2-тармағына;
2) «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 761 бұйрығының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында - www.minagri.gov.kz және осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлардағы аумақтық инспекциялардың үй-жайларында ілінген стендтерде орналасқан.
Документ утратил силу
Демо – версия документа